АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда 2 миллион теңгенің лотереясы ойнатылады

«Бүгін Атырауда КВИ-ға қарсы вакцинацияланғандар арасында ақшалай ұтыстың 4-ші кезеңі өтеді» деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл кезеңде тамыз айының 1-і мен 10-ы аралығында екпе алғандар үшін  200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылады.

Ал, қыркүйекте осы айдың соңына дейін вакцинацияланғандар арасында тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі.

Айта кетейік, аталған лотерея ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталып, әр он күн сайын ұтыс иегерлері анықталып отыр.

Финалдық кезең қазан айында өтеді.

Бас жүлде – 10 миллион теңге!

Қомақты қаржы лотереясына  1-ші ақпан – 30 қыркүйек аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 немесе 2 компонентін салдырған тұрғындар қатыса алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button