Атырауда 2011 жылдан бері іздеуде жүрген азамат табылды

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады.

– Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1987 ж.т., Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Атыраулық полицейлер іздеу салынған күдіктіні тұрақты түрде мониторинг жасалатын ҚР ІІМ-нің көші-қон ақпараттық базасы арқылы ақпан айының басында Атырау облысы аумағына келгенін анықтаған – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. 

Айта кетейік, аталған Өзбекстан Республикасының азаматына 2011 жылы Ресей Федерациясының федеральдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері РФ Қылмыстық кодексінің 322 бабы 1 бөлігімен іздеу салған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com