Атырауда дауылды ескерту

by Depti
2 views

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы 21-23 тамыз аралығында Атырау облысының басым бөлігінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады деп күтілуде.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
    -Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін.
    -Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
  • Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com