АТЫРАУДА

Атырауда IT өнімнің үздік идея авторына 1 миллион теңге беріледі

Атырауда жыл сайынғы «Atyrau Energy Challenge» байқауы басталады, жергілікті жастар IT саласындағы бизнес-идеяларын ұсыну мүмкіндігін иеленіп отыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ең үздік стартап-жоба үшін ұйымдастырушылар «Atyrauhub» қоры мен «Ayacom» компаниясы атынан 1 миллион теңге қаржылай сыйлық береді.

«Atyrau Energy Challenge» -мұнай-газ саласындағы операциялық процестерді басқаруға ықпал ететін жаңа идеялардың пайда болуы мен дамуын ынталандыратын бағдарламашылар, әзірлеушілер, веб-шеберлер марафоны.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара барысында қатысушылар мұнай-газ секторының жаттықтырушыларымен сөйлесуге мүмкіндік алады, олар балалардың идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен қатар, жетекші мұнай-газ компанияларының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 14 қарашаға дейін қабылданады.

Байқауға қатысу үшін «Atyrauhub» қорының сайтында тіркеліп, сауалнаманы толтыру қажет.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button