Семей қаласының тұрғыны жоғалған құжаттарды пайдаланып, желідегі хабарлама ақпараттарының көмегімен 350 адамды 10 миллион теңгеге алдап кеткен.
Алаяқты Атырау қаласынан ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
“Азаматтар төлем мерзімін кешіктіргені туралы ескертпе келгеннен кейін барып өздерінің атына несие алынғанын білген”, – деді ҚР ІІМ департаменті киберқылмысқа қарсы орталық басшысы міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев.
Ал Павлодар облысының тұрғыны желіге жоқ пәтерлердің суретін жүктеген. Жалға беріледі деп жалған ақпарат тарату арқылы кепілақы алғаннан кейін суреттер мен көрсетілген телефон номерін өшіріп отырған. Осылайша ол ондаған адамды 800 мың теңгедей қаражатқа алдап кеткен.
Ішкі істер министрлігі алаяқтық фактілерінің көбейгенін алға тартады. Соңғы жылдың өзінде 40 мыңнан астам іс тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда төрттен бір есеге артық көрсеткіш. Соның жартысы желідегі алаяқтық істері.
“2020 жылы Қазақстанда алаяқтар саны 14 мыңды құраса, қазірдің өзінде 21 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Ағымдағы жылдың қаңтар айында олардың саны 1177 қылмысты құрады. Алдау фактісінің ең көп тараған жолдары – жарнама арқылы өнім немесе қызмет үшін аванстық төлем алу”, – деді Рүстем Дүйсенов.