АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда орталық көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысты (+ВИДЕО)

Атырау қаласында орталық көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты орын алды.

https://www.youtube.com/watch?v=2xF8uo76n44

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай кеше, 9 тамызда орталық көпір үстінде болған. «Жол-көлік оқиғасын тексеру кезінде белгілі болғаны, алдымен «Фолксваген Джета» автокөлігінің жүргізушісі тежегішті басқан. Сол кезде оған «Лада Гранта» маркалы автокөлігі соқтығысқан. Екі көлік жүргізушісі материалдық шығын болмағандықтан, оқиға орнынан кетіп қалған.

Ал, «Мерседес» автокөлігі өзге көлікпен қақтығыспаған. «Хюндай Санта Фе» автокөлігі «Хюндай Акцент» автокөлігіне соқтығысып, бұл көлік соққы екпінімен алдындағы «Лада Приора» автокөлігін артынан түйген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына орай «Хюндай Санта Фе» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімішілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған.

“Қазақпарат”

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button