Қазгидромет Қазақстан бойынша 31 мамыр – 2 маусымдағы ауа райы болжамын жариялады.
Бірқатар өңірлерде үсік жүреді деп күтілуде.”Мамыр айының соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі орталығы бар циклон жырасының ықпалында болады – күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Алайда, 1 маусым күні Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытта ығысып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді. 1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде.