0
Атыраудағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының оқушылары сабақта қыстық күртешемен отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Экспресс К.
Мектеп салқын болғандықтан, балалар сабақта күртеше мен пальто киіп отырады.
Ата-аналары суық мектепте балалар ауырып қалады ма деп қорқады.
- Мектепте арнайы температура болуы керек қой. Қазір қатты аяз жоқ, ал күн суытса не істейміз? Мектептегілер жылытқыш құрал сатып алыңдар дейді. Директор сыныптар салқын екенін білмейді ме? — дейді ата-аналар.
Олардың айтуынша, мектепке арзан терезе қойдырған. Сол себепті кабинеттер жылу сақтамайды.
- Балаларымыз осындай жағдайда қалай білім алады? — дейді ата-ана.
Атырау қалалық білім бөлімі бұл мәселеден хабардар екен.
- Жақын арада мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жағы қаралады. Ал оқушылардың мектеп киіміне келетін болсақ, оқушыларға форма кию міндетті емес, тек классикалық үлгідегі киім кисе болды, — дейді қалалық білім бөлімі.