Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы аяусыз соққыға жығып, қанжоса күйінде айдалаға апарып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
.
Аяқ-қолы сынған, басы жарылған азаматты ауыл тұрғындары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ, жігіт есін жимастан, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен сол елдімекеннің 8 адамы ұсталды.
Оларға “Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру” бабымен айып тағылған.
Бүгін күдіктілерге қатысты сот басталды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.