«БАЛЫҚШЫ – ЖҰМЫСКЕР» КӨПІРІ 13 ТАМЫЗДА ОРТА ДӘРЕЖЕДЕГІ ЖӨНДЕУГЕ ЖАБЫЛЫП, КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛҒАН БОЛАТЫН. ЖОБАДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАНДАЙ, ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫНДА НЫСАННЫҢ ТОЗЫП, ДЕФОРМАЦИЯҒА ҰШЫРАҒАН ТІГІСТЕРІН (ШОВ) БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ, БЕТІНДЕГІ ОЙЫҚ-ШҰҢҚЫРЛАРДЫ БІТЕП, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОСПАРЛАНДЫ. БҮГІНГІ КҮНІ БҰЛ ЖҰМЫСТАР БЕЛГІЛЕНГЕН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ.
Тұрғындар сауалына орай, аталған көпірдің қашан ашылатынын сұрап жөндеу жұмыстарын жасап жатқан компания басшылығына хабарласқан едік.
Зүлфия БАЙНЕКЕЕВА, «АтырауИнжСтрой» ЖШС баспасөз хатшысы:
– «Балықшы-Жұмыскер» көпірі 13 тамызда орта дəрежедегі жөндеуге жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылған еді. Жобада жөндеу жұмыстарының барысында нысанның тозып, деформацияға ұшыраған тігістерін (шов) бөлшектеу жəне ауыстыру, бетіндегі ойық- шұңқырларды бітеп, қалпына келтіру жоспарланды. Бұл жұмыстар белгіленген кестеге сəйкес жүргізілуде.
Жұмыс басталар алдында жүргізілген көпір өткелінде егжей- тегжейлі зерттеу 4 деформациялық тігістің 3-уі толығымен бұзылғанын жəне функцияларын тиісті дəрежесінде орындамай тұрғанын көрсетті. Мұның өзі қауіпті жағдайды туындататыны ескеріліп, оларды дереу ауыстыру туралы келісілді.
Бүгінгі күні үш деформациялық тігістің екеуі толықтай ауысты- рылып, бетондалды. Мамандардың түсіндіруінше, қалыпқа салынып, қолдан құйылған қорғаныш бетон конструкциясының тұрақтанып, пішімін сақтап қалуына 14 күнтізбелік күн қажет. Барлық процестер стандарттарға сəйкес жүргізілуде. Бетонның беріктігіне сынама алу процесі жүріп жатқан кезде кез-келген көліктің, соның ішінде арнайы техниканың қозғалысы қатаң шектеулі екенін ескеру қажет. Үшінші деформациялық тігіс енді толтырылатын болады.
Сонымен қатар, қаңқалы арматураларды дəнекерлеу жұмыстары, жол төсемі мен тротуарлардың зақымдалған беттерін, сондай-ақ Балықшы мен Жұмыскер жағындағы көпір жолдарын фрезер- леу (төсемнің ені 18 метр болғанда екі жағынан 90 метр), көпірге кіреберістегі сыртқы жарықтандыруды кабельдік ажырату, жарылып кеткен тұстарын тазарту, үрлеу жəне мастикамен толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Көпірдегі жарықтарды бітеу жұмыстары көлемі жағынан шағын болғандықтан арнайы жабдықтың көмегін қажетсінбейді. Ал, 120-140 градус ыстыққа дейін қыздырылған битум мастикасының қатаюы 4 сағатқа созылады. Бұл жарықтарды одан əрі кеңеюден қорғау, яғни герметизациялау үшін қолданылады. Дəстүр бойынша жабынның тайыз жарықтарын қолмен тығыздау кезінде кез-келген тар мойынды металл ыдыстар пайдаланылады. Сол мақсатта су сепкіштерді, конус- тар мен шəйнектерді қолдануға рұқсат етіледі.
Көпірді жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталады.
Дəулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ