COVID-19: АТЫРАУДА — +435 НАУҚАС

by Depti
0 views

Атырау облысында бір тәулікте 435 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 435 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 228 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 95 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 56 науқас, Индер ауданында – 13, Исатайда – 13, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында- 6, Мақат ауданында – 6, Махамбет ауданында – 9 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 279 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 156 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 88 адам емделді.

Қазір 8 693 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 179, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 81, кардиоорталықта – 101, т/ж ауруханасында – 102 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 372, облыстық ауруханада – 192, жатақханада – 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 414 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com