Атырау облысында бір тәулікте 470 адам Covid-19 жұқтырған деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 470 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 302 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 40 науқас, Индер ауданында – 18, Исатайда – 31, Қызылқоға ауданында – 12, Құрманғазы ауданында – 19, Мақат ауданында – 10, Махамбет ауданында – 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 332 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 283 адам емделді.
Қазір 6 564 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 194, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 95, кардиоорталықта – 100, т/ж ауруханасында – 107 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 419, облыстық ауруханада – 137, жатақханада – 126, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 409 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.