АТЫРАУДА

Индер ауданында 80 пәтерлік үй берілді (+ФОТО)

Жаңа тұрғын үй аудан орталығы – Индербор кентінде «Көктем» шағын ауданында бой көтерген.

«Индер ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Қазір мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 7 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл үйлерден 432 отбасы баспана алады. Бүгін 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспана – тұрғындарға ел тәуелсіздігінің 30 қарсаңындағы ерекше сый» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

210808181005269e

Аудан басшыларының айтуынша, тұрғын үй кезегіне 1 459 адам тіркелген. Жаңа баспана көп балалы 40 отбасыға, әлемуттік тұрмысы төмен 24, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 16 адамға берілді. Соның бірі – көп балалы ана Лариса Хайрошева.

«Менің отбасым бұл күнді ұзақ күтті. Осы кезге дейін баспанаға мұқтаж болған едік. Енді міне, жаңа пәтер алғанымызға отбасымызбен қуанып тұрмыз. Әсіресе, балаларымыздың қуанышында шек жоқ», – дейді Лариса Хайрошева.

2108081811416298g

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button