АТЫРАУДА

Кәсіпкер Атырауда кенже қалған ІТ индустриясын қолға алды!

Бүгін біз жас та болса бас болған, талапты кәсіпкер Бекболат Қуанышевты таныстырғымыз келеді. Ол Атырау қаласындағы қазақ-түрік мектебінде оқып жүргенде-ақ бағдарламалаумен айналыса бастаған талапты оқушы болған. Информатика пәнінен облыстық, республикалық олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды, Мәскеудегі халықаралық жобалау сайысына қатысты.

Бекболат Қуанышев Алматы қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы университеттің Ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша бакалавры дәрежесін бітіргеннен кейін оқуын Сан-Франциско (АҚШ) қаласындағы «42 Кремний алқабы» мектебінде жалғастырды, курсты сәтті аяқтаған соң «AWS Solutions Architect Associate» сертификатына ие болды. Студент бола жүріп ол бағдарламалаушы болып жұмыс істей бастады және студенттерге тәлімгер болды. Қазіргі уақытта ол Алматыдағы SDU-да магистр.

«Мұнайлы астанамыздың ІТ индустриядағы кәсіпқой мамандармен танылуы үшін Атырау қаласында бағдарламалаушылар ортасы пайда болуына себепкер болып, мектеп ашқым келді»,-дейді жас кәсіпкер.

«Қуаныш» ЖК тіркеп, «PIXEL» бағдарламалау мектебін ашу үшін кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14 пайыздық несие рәсімдеді. «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры жылдық мөлшерлемені субсидиялап, 6 пайызға түсірді. Несие сомасының 85 пайызына да Қор кепіл болды.

Қазіргі уақытта «PIXEL» бағдарламалау мектебінде жас ұрпақ бағдарламалық архитектураны құру үшін аналитикалық ойлау бойынша, портфолио үшін жобаларды және басқа да бағдарламаларды құру бойынша бағдарламалаудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау бағытында білім ала алады.

img 20210425 wa0003

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button