Атыраулық әйел 6 айлық баласымен масайрап жүрген жерінен ұсталды

by Depti
0 views

6 айлық баласымен мас күйде жүрген атыраулық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Азаттық көшесінде колында кішкентай баласы бар белгісіз әйелдің мас күйінде жүргендігі жөнінде хабарлама берген.

Хабарлама бойынша дереу жеткен полицейлер 37 жастағы әйелді ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежедегі мас күйде екендігін анықтады. Белгілі болғандай, 37 жастағы келіншектің қолында алты айлық сәбиі болған. Аталған әйел өзінің үш күн бойы ішімдік ішкендігін айтып, өз кінәсін мойындаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар 37 жастағы әйел Атырау қаласы Полиция басқармасының “Жайсыз отбасы” есебіне алынып, оған қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com