АТЫРАУДА

Нұрболат Абдуллин: «ол зардап шеккендер арасынан сүйіктісін іздестіре бастайды…»

Нұрболат Абдуллин «Сүйемін» атты әніне  түсірген жаңа бейнебаяны көрермендерге жол тартты. Әнші туындының сюжеттік желісіне  Алматы маңында болған  ұшақ апатын арқау еткен.

Әнтаспадағы оқиға желісі бойынша отағасы ел астанасына ұшып кетеді. Ал оның үйдегі жары бірер сәттен соң жаңалықтардан Алматыдан Нұр-сұлтан қаласына бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын естиді. Қаралы хабарды ести сала, барған ол зардап шеккендер арасынан сүйіктісін іздестіре бастайды. Алайда, жанұшырып жүгіріп жүрген зайыбына соңында  «Мен Нұр-Сұлтанға қондым» деген хабарлама келеді. Арқа сүйер азаматы басқа ұшаққа отырған. Тыңдарманды селт еткізген бейнебаянда басты рөлді  ерлі-зайыпты  әртістер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар кейіптеген.

«Сүйгеніңнің қадіріне жетіп, барды бағала» деген  мағынада түсірілген  бейнебаян көпшілікті бей-жай қалдырмасы анық.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button