АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ВОЛЕНТЕРЛЕР ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МӘСКЕУГЕ ЖОЛ ЖҮРЕДІ

Шетелдік жастар ұйымдарымен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында атыраулық волонтерлердің Ресей Федерациясының көршілес жатқан Астрахань, Оренбург қалаларындағы волонтерлік жобаларды жүзеге асыруға қатыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан баяндады.

«Ақпан айында Мәскеу қаласына жасаған іс-сапар аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс волонтерлері» арнайы жобасына қатысуы үшін, атыраулық жастарға арнайы квота беру туралы «Росмолодежь» федеративтік агенттігі басшылығымен келісімге келдік» – depti Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button