Қазақстанда

ӨТКЕН ЖЫЛЫ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 4862 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

  «2019 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 4 862 қазақстандық отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізді. Бұған қоса, тағы 261 отбасы несиелері бойынша мақұлдау алып, болашақ баспанасын іздестіріп жатыр. Осылайша, банк табысы төмен отбасыларға қолжетімді несиелер беру мақсатында 2019 жылға бөлінген 50 млрд теңге қаражатты толықтай игерді», – depti тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдері.

  «Бақытты отбасы» бағдарламасы – көпбалалы отбасылар, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға арналған. Заемнің жылдық мөлшерлемесі2%, бастапқы жарна көлемі қарыз сомасының 10 процентін құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button