АТЫРАУДА

Полиция инспекторы мас күйінде рөлге отырған

Мас күйінде көлік жүргізген 28 жастағы учаскелік полиция инспекторы  жүргізуші куәлігінен айырылып, Атырау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен қамауға алынды.

Арнайыландырылған қалалық әкімшілік соттың шешімімен аға лейтенант 7 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылды. 15 күнге қамауға алыну жазасы белгіленді.

«Учаскелік инспектор құқық қорғау органдары қатарынан шығарылды», – депті полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button