АТЫРАУДА

ҚАЛА ӘКІМІ НҰРСАЯДАҒЫ ЫСТЫҚ СУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев өзінің әлеуметтік желісінде бірқатар мәселе қозғады. Атап айтсақ, «Нұрсая» ықшамауданында 13 үйде (барлығы 74 пәтер) ыстық судың қысымы қалыпты болмаған, сонымен қатар жылу беру тоқтатылып апатты жағдай орын алған.

 «Апат жойылды. Жылу қазандығындағы жылу алмастырғыштар бірінен соң бірі тазартылды, 71 пәтердің жылу желілері тазартылып, ыстық су қысымы қалпына келтірілді. 3 пәтер жабық болды, олармен жұмыстар кейінірек жүргізіледі. Атқарылған жұмыстар бойынша әзірге шағым түскен жоқ. Сонымен қатар төлем түбіртектері бойынша төлемдерді нөлге теңестіру мәселесі бойынша монополистпен оңды шешімге келдік», – дейді қала әкімі Қайрат Оразбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button