АТЫРАУДА

ҚАЗАҚСТАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ИНДЕКСІНДЕ 113 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛГЕН

  «Еліміздің әр өңірінде «Атырау-адалдық алаңы», «Сапалы жол», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» және т.б жобалар іске қосылды. Жеке мәселелер бойынша 1000-нан астам азаматтар қоғамдық қабылдауға мүмкіндік алып, өтініштерін қалдырды. Бұл жобалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді іске асыруға азаматтардың едәуір санын тартуға мүмкіндік берді.

 Аталған жобалардың тиімділігі Transparency International қоғамдық қоры жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталады. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 34 балл жинап, 113 орынды иеленді», – depti  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

«Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың бірнеше жылы ішінде мемлекет пен азаматтық қоғамның сындарлы диалогы жолға қойылған. Азаматтардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейі артуда.

Қоғамдық ұйымдармен бірлескен күш – жігердің арқасында «Атырау-Адалдық алаңы» жобасы аясында өткен жылы мемлекеттік органдардың әрбір еңбек ұжымында өткізілген түсіндіру кездесулерінің тәжірибесі жолға қойылған. Жобаны іске асыру барысында 10 000 астам адамды қамти отырып, 300-ден астам түрлі еңбек ұжымдарына барды. Сонымен қатар 1000-нан астам азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

«PBI» жобасы аясында жалпы сомасы 114 млрд 732 млн.теңгеге 15 бизнес-құрылыммен келісімдер бекітілді»,  – деп түйіндеді сөзін департамент басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button