Қымбат автокөлікті заңсыз пайдаланған

by Depti
0 views

«Атырауда қымбат автокөлікті заңсыз пайдалану әрекетінің жолы кесілді» 

Атырау көлік прокуратурасы шетелдік тұлғалармен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелуде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында кедендік төлемдерді жүргізбей Грузиядан әкелінген «Toyota land cruiser» маркалы автокөлік құралын заңсыз мемлекеттік тіркеу фактісі анықталды. 

Көлік прокуратурасының актісі негізінде облыстық полиция департаментімен қалалық сотқа талап арыз беріліп, оны қарау нәтижесі бойынша автокөлік иесі мемлекет пайдасына 8 млн теңге көлемінде кедендік баж бен өсімпұл төледі. 

        Атырау көлік прокуратурасы 

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com