АТЫРАУДА

ШҰҒЫЛ: Атырауда 50 бала пневмониямен ауырып жатыр…

Атырауда 50 бала пневмониямен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласындағы №2 облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың мәліметінше, жедел респираторлық вирустық инфекция бөлімшесінде 130 бала емделіп жатыр.

«Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 85 бала бар. Осы жастағы 50 баладан пневмония анықталды. Фильтр бөлімшесінде ПТР-тест қорытындысы анықталмаған 60-тан астам науқас жатыр. Кейбір ата-ана дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгінбейді. Сол себептен, бір айлық нәрестелерін ауру байқалғаннан кейін бір апта өткенде ғана ауруханаға әкелетіндер бар. Олар сәбилеріне үйінде өздері ем-дом жасаған», – дейді Әсия Сидешова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button