АТЫРАУДА

БАЛЫҚШЫ КӨПІРІНДЕ ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ(ВИДЕО)

22 сәуір күні  полиция инспекторы балықшы көпірінен секірмек болған адамды құтқарып жатқан кезде, дәл осы көпірдің үстінде екі көлік соқтығысты. Екі оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ.

«Жұмыскер ауылы жақта келе жатқын тойота камри автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып,  жолда жүру ережесін бұзды. Осылайша ол Хундай-Элантра автокөлігімен соқтығысты. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көліктердің соқтығысуына байланысты 610 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» – depti ПД баспасөз қызметі.

https://www.instagram.com/p/B_Rnx5jpwYH/?igshid=d2lirountuco

Орын алған оқиғаға байланысты деректер сотқа жеткізіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button