Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолына Елбасы есімі беріле ме?

by Depti
0 views

Атырау тұрғыны Талғат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ халықаралық Ақтөбе – Атырау – Астрахань көлік трассасын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атауды ұсынады, деп хабарлайды “Ақ Жайық” басылымы.

Ол өз хатын президент әкімшілігіне және бірқатар министрліктерге жолдаған. Ол мұны неліктен жасағанын өзінен сұраған едік.

Құрманғалиев бұл хатты әлеуметтік желідегі парақшасына да жариялады. Ол бірден қызу талқыланған тақырыпқа айналып, ал автор кибербуллинг құрбаны бола жаздады. Желі қолданушылардың көпшілігі бейәдеп сөздерді тартынбай жазып, оны сынға алды. «Жағымпаз» деген сөз ішіндегі ең жұмсақ сөз шығар. Оның айтуынша, тіпті қоқан лоқы жасаған қоңыраулар да болған. Рас, жеке түсініскеннен кейін «дұрыс түсініп», оны қолдағандар да болды.

Жақында ресейлік «Универ» телехикаясының актері Вячеслав ЯРУШИН Ренат Мухамбаевқа берген сұхбатында өзінің бес жыл бұрынғы жолсапарында Астрахань трассасының жай-күйі туралы «қызу» әңгімелегені белгілі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Атырау-Астрахань трассасын қайта жарақтау кесте бойынша жүріп жатқанын, оны 2022 жылы толық аяқтау жоспарланғанын айтып, дереу ақпарат берді. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Алайда, Құрманғалиев бұл жобаның уақытында жүзеге асатынына күмәнмен қарайды, ол бұл жұмыс тағы да жылдарға созылып кетеді деп қорқады.

  • Талғат, бұл трассаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын берсек деген идеяның туындауына не түрткі болды?

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Жақында Астраханьға барған сапар түрткі болды. Ярушиннің сөздеріне қатысты ИИДМ-нің пікірі сырғытпа жауапқа ұқсайтынын түсіндім. Жол бойында келе жатып, қай бөлігінде реконструкция жүріп жатқанын әдейілеп мұқият бақыладым. Ешқандай жұмысты көрмедім! Жолда жұмысшылар да, арнайы техника да жоқ. Егер осылай жалғаса берсе, жаңа жолды әзірге көре алмаймыз. Демек, бұл адам өліміне әкелетін жол апаттары жалғаса береді деген сөз.

Көп адам осы «жолда» туыстарынан айырылды, мен де: бірнеше жыл бұрын тәтем осы жерде қаза болды.

  • Иә, сұмдық.
  • Сондықтан мен осындай ұсыныспен шығуды ұйғардым. Жалпы, мемлекеттен ақша ұрламаса, бұл мәселені әлдеқашан шешуге болар еді. Бұған бюджеттен қаражат табылар еді. Сондықтан «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атаса, шынымен де бәрін сапалы және уақытында жасауға тырысады деп ойлаймын. Жалпы, ол жерде екі жолақты қозғалыс емес, алты жолақты қозғалыс болуы керек. Біздің шенеуніктер көп нюансты ескермейді, бірақ олар өздері де осы жолмен жүреді ғой, бұл мәселе бәріне қатысты.
  • Көп адам сіздің ұсынысыңызды жағымпаздық және мансабын көтеруге ұмтылыс деп санайды…
  • (Күледі). Қайдағы мансап көтеру? Бұл маған қажет болмағандықтан қате нұсқа.

…Кәсіпкер хатты жақында ғана жіберген. Қандай реакция болатыны әзірге белгісіз.

Хат мәтіні: 
«Мен сізге Ақтөбе-Атырау-Астрахань халықаралық көлік жолын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атау жөніндегі бастамамды қолдау ұсынысыммен хат жазып отырмын. Бұл жолдың еліміздің маңызды көлік артерияларының бірі екенін білеміз. Оған еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру – бұл ерекше адамға құрмет көрсету. Ресей, Иордания және Түркияда көшелер оның есімімен аталады, ал Шешенстан Республикасында лицей оның есімімен аталады. Еліміздің басқа қалаларында көшелер, орталық жолдар, даңғылдар ҚР Тұңғыш Президентінің атымен аталады, ал Атырау мен Атырау облысында жоқ. Бұдан басқа, жақын көрші әрі маңызды одақтастар боп табылатын Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын халықаралық автотрассаға оның есімін берудің символдық мәні болар еді».

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com