АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНЕН 3000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ШЫҒАРЫЛДЫ

«Теңіз кенішінен ТШО және өзге де мердігер компаниялардың​ ​ жұмысшыларын уақытша шығару жалғасуда. Қазіргі жағдайда Теңіз кенішінен​ 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде,​ 7191 адам Атырау облысының тұрғындары», – деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.​

16 сәуірден бастап Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шықты. Оның ішінде,​ 1619 адам Атырау облысының тұрғындары. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына​ —​ 283, Түркістан облысына -​ 241, Қызылорда облысына​ ​ —​ 166, ​ Жамбыл​ облысына​ ​ – 103, ​ Ақтөбе облысына​ ​ – 455 адам жеткізілді.

Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшылар​ COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. Қазіргі таңда ТШО компаниясы жұмысшыларды тұрақты мекен- жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығындарын өз есебінен жүзеге асырып отыр. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда.

ТШО компаниясының атап өтуінше, ​ Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ,​ шұғыл емес персоналдар шығарылуда.​

Қазіргі таңда ТШО компаниясының өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр.​

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button