АТЫРАУДА

ТЕМІР ТОРДЫҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

8 наурыз күні Атыраудағы УГ-157/11 әйелдер колониясының әкімшілігі жазасын өтеушілерді Халықаралық әйелдер күнміен құттықтады.

Мекеме әкімшілігі сотталған азаматшаларға мол бақыт, зор денсаулық пен көктемгі көңіл-күйді және тезірек үйлеріне оралуды тіледі.

«Мерекелік көңіл-күйді орнату үшін бірнеше жазасын өтеуші арулар 8 наурызға орай қабырға газетін шығарды. Онда олар өздерін, аналары мен апа-сіңлілерін және мекеменің нәзік жанды қызметкерлерін аталған мерекемен құттықтаған», – depti мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Нұрлан Пауеденұлы.

Шара соңы әзілдік қойылымдар, махаббат тақырыбындағы әндер және ұлттық билерден тұрған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, бүгінгі күні бұл түзету мекемесінде 150-ге жуық жазасын өтеуші бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button