АТЫРАУДА

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН АНЫҚТАМАҒАНДАР МӘМС МҮМКІНДІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ

«Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша: жұмыс берушілердің жарналарды уақытылы төлемеуі, медициналық ұйымдардың мамандарын бағдарламалық жасақтама бойынша және медициналық ақпараттық жүйелердің дұрыс жүргізуіне оқытуды қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарда жарналар мен МӘМС аударымдары үшін комиссия алынбайтын терминалдар орнату мүмкіндігін қарастыру, ұйымдарда жарналар мен аударымдарды аударуға арналған интернет-банкингке қол жетімді  LED мониторлар ұйымдастыру жұмысы, МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғастыру сияқты мәселелер шешуді қажет етеді», – деді Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

  «Бұрын жұмысшыны отбасымен бірге ерікті түрде сақтандырып жүрген мекемелер де міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшті . Жұмыс орны жоқ және өз бетінше жұмыспен қамтылмаған азаматтар МӘМС-мен қамтамасыз етілуі үшін арнайы органдарға барып мәртебелерін  анықтап алулары тиіс, олай етпеген жағдайда жоспарлы емді ғана тегін көре алады», – деп түйіндеді сөзін денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button