АТЫРАУДА

АТЫРАУДА УАҚЫТША СУ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Атырау қаласында және Мақат ауданында 11 наурыз күні сағат 23:00-ден бастап, 12 наурызда сағат 10:00-ге дейін су тоқтатылады.

Бұл туралы «Атырау облысы су арнасы» КМК мекемесі хабарлады.

Оның себебі — Мақат-Доссор Д-630мм магистралды су құбырының учаскесін, Контейнерный ықшам ауданы аумағындағы су құбырының учаскесін, сонымен қатар Атырау қаласының су тазарту құрылғыларындағы Д-700мм ысырманы ауыстыру бойынша жұмыстар орындалады.

«ҚР ҚНжЕ-не сәйкес құбырдың диаметрі 400мм-ден жоғары болған кезде жұмысты орындау уақыты 12 сағаттан бастап 18 сағатқа дейін болады. Ал, құбырды дезинфекциялау жағдай болса (кестені қарау), жұмысты орындау уақыты тағыда 12 сағатқа ұлғаюы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button