ШҰҒЫЛ: Атырауда тегін мамандық алуға мүмкіндік бар!

241895785 1446355155746963 3290506255841237688 n

БҮГІН, 16 қыркүйек күні, қала тұрғындары үшін жұмысшы мамандықтар бойынша тегін оқуға іріктеу жүргізіледі – деп, хабарлайды облыстық жұмыспен қамту басқармасының баспасөз-қызметі.

Оған кез-келген жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Оқуға іріктеу жұмысы тестілеу арқылы жүргізілетіндігін қаперге береміз. Іріктеу және оқыту,  Нұрсая ы/а, Бейбарыс көшесі бойында орналасқан «West way Service» оқу орталығында және Жалаңтөс 2а (АНПЗ бағытында, «СуАрнасы» маңында) мекен-жайында орналасқан Ақтау тренинг орталығында өтеді.

Еске салай кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай «ТШО» ЖШС-мен бірлескен  жұмысшы мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау жұмыстары қыркүйек айының 10-нан бастап, аудандарда жүргізілген болатын. 
Айта кетейік, іріктеуден өткен жұмыссыздар 9 мамандықтың бірін оқуға жолдама алады.
Оқу тегін. Оқу барысында жатақхана, күніне үш рет тамақтандыру қарастырылған. Шәкіртақы төленбейді.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: