Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ел басына қиын сәт туған кезде жат идеологияны насихаттап, бүтін бір елдің шаңырағын шайқағысы келетін теріс пиғылды топтарға ермеуге шақырды.
Сондай-ақ, күні кеше Ата заңымыздың бабына өзгерістер енгізу мен референдум өткізу туралы шешім қабылдағанын да халықтың көңілінен шығып отыр. Бұл ұсынысты өзім толық қолдаймын. Бұл да уақытында қолға алынған игі бастама деп білемін. Президенттің өз сөзінде айтқанындай референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік ел үшін де, жер үшін де аса маңызды. Біздің әрбіріміз пікірімізді еркін білдіріп, ойымызды ашық айта алатын боламыз. Қазір көршілес елдерде болып жатқан саяси ахуалдың бізге де кері әсері тиіп жатыр. Міне, осындай сындарлы уақытта біз ауызбіршілікте болуымыз қажет.
Вероника Иванова,
Атырау қаласының тұрғыны