Атырауда тоқсандағы әжей дауыс берді

by Depti
0 views

Қызылқоға ауылдық округіндегі жасы ең үлкен сайлаушы Бәтима Ідірісова. Жасы 90-ға таяса да, саяси науқандағы өз таңдауын жасаған қария бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек, мəні ерек екенін айтты.

– Жасым тоқсанға таяды. Осы жерде туып-өстім, еңбек еттім, зейнеткерлікке шықтым. Саналы ғұмырымда бір емес, бірнеше сайлауды өткердім. Бірақ бұл жолғысының жөні бөлек, мəні ерек. Себебі мұнда өз ауылымыздың əкімі болуға лайықты азаматты өзіміз таңдап, сайлаймыз. Мұны еліміздегі қоғамдық жаңарудың, демократияландырудың нақты нышаны, азаматтарға беріліп отырған еркіндік, өзінше таңдау жасау құқығы деп түсінемін. Кім болса да, ауылдың жайы мен жағдайын білетін, жаны ашитын, ауылдастарының мұң-мұқтажына құлақ асып, мүддесін қорғайтын адамның əкім болып сайланғанын қалаймын, – деді ол.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com