Атырау облысында осындай атаумен 30-шы маусымда басталған науқан жалғасуда, -деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған акцияның 2 кезеңі бойынша ұтыс жеңімпаздары анықталып, 20 ұтыс иегері анықталды.
Бұдан бөлек, 30-шы маусымынан бастап 30-шы қыркүйекке дейін вакцина алғандар арасында әр он күн сайын 200 мың теңгелік 10 сертификат иегері анықталады.
Тамыз айында 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі!
Қыркүйекте тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады.
Жалпы, жүлде қоры – 40 миллион теңге,
оның ішінде, басты жүлде – 10 миллион теңге қазан айында ұтысқа түседі.
Айта кетейік, жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.
Ұйымдастырушы- Атырау облысының Азаматтық Альянсы.