АТЫРАУДА

Жаяу жүргіншілер көпірінің жәй-күйіне кім жауапты?!

1992 жылы пойыз жолының үстінен салынған көпір қаланың Сырым Датов көшесі мен Химпоселок ауданын жалғап тұр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде бір кездері бұзақылық жиі орын алатын. Оған тұрғын үйлерден шеттеу тұрғандығы себеп болса керек. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде бір кездері бұзақылық жиі орын алатын. Оған қала орталығынан шеттеу және ашық алаңда орналасқаны себеп болса керек.

Дей тұрғанмен қазіргі таңда жаяу жүргіншілерді көпірдің сапасы алаңдатады. Соның салдарынан қаңылтыр қоршаудың жоғарғы жағы бірнеше жерден ашылып кеткен. «Көпірдің шатыры ашық қалуы кесірінен үнемі жел азынап тұрады, тіпті, қаңылтыры ұшып кетіп біздерге зақым келтіре ме деп қорқамыз,»-депті тілшілерімізбен жолыққан қала тұрғындары.

«Бұл көптен бері көтеріліп жүрген мәселе. Бірақ ол теміржолшылардың өздері салған көпір және олар да аталған жайтпен хабардар. Біздің қарауымызда емес,»- депті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығның баспасөз хатшысы Аңсаған Сағынбаева.

Білгеніміздей аталған құрылыс Қазақстан Темір Жолына қарасты Атырау жол дистанциясының құзырында екен.

«Көпір соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өтті. Қатты желден ашылып кетсе керек. Уақытымен жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрамыз,»-депті Атырау жол дистанциясының жасанды құрылыс шебері Инамат Жамкенов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button