1
Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев мәлімдеді.
2020 жылы 15 953 бұралқы ит-мысық ауланып жойылса, 2021 жылдың басынан 9 688 бас ит пен мысық ауланып, жойылған.
- Облыста 55 типтік үлгідегі мал моласы және 28 ауру малдар мен олардың қалдықтарын жоюға арналған инсинератор пештері бар. Сонымен қатар 25 сібір жарасы мал көмінділері ошақтарының 22-і қоршалып, қауіптілігі жөнінде белгі қойылды. 3 ошақтың орыны нақты анықталмауына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған ошақтарды сібір жарасы мал көмінділері реестрінен алу жөнінде ұсыныс жолданды, – деді басқарма басшысы.