БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

17 көлік бір-біріне кіріп кетті… (+ВИДЕО)

Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік апатқа ұшырады.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

https://www.instagram.com/p/CX5VWRxN-0j/

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы ірі жол апаты орын алған тас жолдың видеосы жарияланып жатыр.

Аймақ полициясының хабарлауынша, жол апаты Алматы-Қорғас автожолының 134-ші шақырымында сағат 10:00 шамасында болған.

«Ауа райының қолайсыздығынан17 автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті, олар Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметі жұмысын жалғастыруда. 84-тен 136-шы шақырымға дейінгі жол бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Алматы облысының полицейлері азаматтарға жүгінді.

“Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуларыңызды сұраймыз! Жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтаңыздар!” – деді полицияда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button