АЯЛДАМАДА БІРНЕШЕУІ БІР АДАМДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ (+видео)

news full16370684456b2e29ad38ec76717703f076fe4927d4

Әлеуметтік желіде аялдамада ер адамды ұрып-соғып жатқан сәт түсірілген видео тарады.

Әлеуметтік желіде аялдамада ер адамды ұрып-соғып жатқан сәт түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.

«Тимирязев аялдамасы. Бірнеше ер адам бір адамды соққыға жықты» деп жазады желі қолданушы.

Өз кезегінде қалалық полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Видеоға әккі ұрыны ұстау кезі түсіп қалған. Ер адам Алматы аумағында үш ұрлық және бір тонау жасады деген күдікке ілінді. Ол- 1989 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, ұстау кезінде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының бірін пышақпен жаралады.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ұсталды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: