Алматыда 6-сынып оқушысын қатарластары аяусыз ұрған (+ВИДЕО)

skoraya 2

Алматы облысында 6-шы сынып оқушысын қатарластары өлімші етіп сабаған. 

Келеңсіз оқиға Рахат ауылдындағы нөмірі 1-ші орта мектепте болды.  Басынан ауыр жарақат алған Арман Юсуповқа дәрігерлер операция жасады.  Қазір жағдайы мәз емес дейді. Тілшіміз Әсем Лесбек мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты. Күні-түні аурухананы торуылдап, баласына алаңдаған Зарина Юсупова мектептегі сұмдықты еске алуға қорқады. Айтуынша, 12 жастағы ұлын өткен бейсенбіде қатарласы соққыға жыққан. Ал мектеп басшылығы  оны жасыруға тырысты дейді. Баласының құлап қалғанын айтып, үйіне қайтарып жіберген. Жағдайы нашар болса да жәдел-жәрдем шақыртқызбағанын айтады.  

Зарина ЮСУПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Скорая шақырмаңыз, бізді күтіңіз біз өзіміз көмектесеміз деді. Жарайды дедім. Тәрбие завучы. Уже баланың беті былай болды. Фариза сендер маған өтірік алдап тұрсыңдар не болды балаға шынын айтыңдар деп едім, баланың мұрнына тұмсығына қолы тиіп кетіпті деді.

Күннен күнге  әлсіреп, бас ауруы үдеген  Арманды анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер хәлі мүшкіл екенін айтып, бірден отаға алып кеткен. Сол сәтте мектептегілер келіп, қоқан-лоққы көрсетті дейді.

Зарина ЮСУПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Шындықты айтты балам.  Балалар ұрды мама жабылып деді мен айтпап едім сізге деп. Оның үстіне менің балама еден жуғызатын еді мектепте, қабырға жуғызады екен. Жансая мен Мадина деген кісі мені ұрды, кәдімгідей ұрып жіберді өздерімен өздері келіп.

Зухра ЮСУПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТУЫСЫ: Менің сіңілімді итеріп жібереді. Ей қойсаңыздаршы сіздер кімсіздер өздеріңізді таныстырыңыздар дегенімше анау қарамсайды сары курткадағы сіңілімді жұлмалап жатыр.

Ол завуч екен. Ашынған ана полицияға арыз жазуға барған. Бірақ ондағылар шағымын қабылдамаған көрінеді. Ал  мектеп ұжымы  істі жылы жабуды сұрады дейді.  Ал дәрігерлер 12 жастағы Арманға ота жасалғанын хабарлады.

Байкен ТОҚҚОЖАЕВ, АЛМАТЫ АЙМАҚТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҚ-БЕТ ХИРУРГ ДӘРІГЕРІ: Асқыну болған бұл жерде. Балада ауыз қуысында жара пайда болған. Бет әлпетіндегі инфекция самай аймағына кеткен. Операция жасалған бүкіл іріңдік процесстер ашылып сәтте іріңдер шығарылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы.

Дегенмен жәбірленушілер баланың бүгінгі хәлін жақсы деп айта алмаймыз деп отыр. Оқушы психологиялық соққы алғанын айтады.

Динара АЗАТҚЫЗЫ, РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОУРУГІ № 1 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Мектеп директоры кешеден бері осы іспен айналысуда. Таңертең осы жұмыстың бабымен балаға кеткен болатын ауруханаға. Сонда кеткенін айтты. Звандасам қазір телефоны өшіп тұр.

Ал Полиция Департаменті аталған іске қатысты  шағым түскен жоқ дейді.  

Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Аталған дерек бойынша аудандық аурухандан, мектеп әкімшілігінен және ата-аналар тарапынан ешқандай арыз Еңбекшіаудандық полиция басқармасына келіп түспеген. Дегенмен қазір тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Баламыз таяқ жеп қана қоймай, өзіміз де қысымға ұшырадық деген жәбірленушілер барлық мәселе заң аясында шешілсе дейді.  Олар Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.

«Астана»

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: