БЕЙНЕТАСПАӘлемде

Аспанда пайда болған белгісіз дене тұрғындарды шошытты (+ВИДЕО)

Белгісіз аспан денесі Франция тұрғындары мен ғалымдардың түсінбестігін тудырды, деп хабарлайды  РИА Новости порталы.

https://www.youtube.com/watch?v=_MrtzZbeD6c

Басылым мәліметінше, оқиға сейсенбі күні кешке болған. Түнгі аспанда кенеттен қызғылт сары түсті цилиндр тәрізді нысан пайда болып, жарқырай бастаған. Біраз уақыттан кейін ол жоғалып кетеді.

Жұмбақ құбылысты Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Францияның бірнеше қалаларының тұрғындары байқаған.

«Көзбен көргендер аспан денесінің әуеде айналып жүргенін айтады. Түсініксіз дененің жылдамдығы оның шар, ұшақ немесе спутник емес екенін дәлелдеп отыр», – деп жазады басылым.

Сарапшылар аспан денесінің жылдамдығына байланысты өз таңданыстарын жасырмады. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button