БЕЙНЕТАСПААТЫРАУДА

Атырауда «Макдональдсқа» қатысты айқай шықты… (+ВИДЕО)

Атырауда әйгілі «Макдональдс» тез тамақтану орнының құрылысынан қалған қалдықты ауыл маңына төге салған, деп хабарлайды Экспресс К

https://aitube.kz/video?id=46177fb7-0898-4ee3-9ebc-89b3851fdba3&from=embed_video

Олардың бұл ісі жергілікті халықтың наразылығын тудырды.

0fe15d35c32cb29ae6bb6edd84aba7d8

Атырау қаласы маңындағы Еркінқала ауылының маңайында құрылыс қалдықтарын төгіп тастаған. Қоқыс желмен ұшып, айналаны ластаған. Кейін картон қаптамалардағы жазуларды оқыған тұрғындар қоқыстың «Макдоналдсқа» тиесілі екенін көреді.

«Атырау қалалық полиция бөлімі қоршаған ортаны ластап, белгіленбеген жерге қоқыс төккен тұлғаны анықтап, оған ӘҚБТК 505 (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бабымен хаттама толтырылды», — деп хабарлады қалалық полиция бөлімі.

Енді әйгілі тез тамақтану орны 29 170 теңге айыппұл төлейді. Әлеуметтік желіде «Өзге елдің қоршаған ортасын сыйламайсыздар ма?, «Біздің заңға осылай түкірді ме?» деген ашулы пікірлер жазылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button