“ТУҒАН АУЫЛДЫҢ ТАҒДЫРЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАЙ АЛМАЙМЫЗ”

by Depti
0 views

Қайыршақты ауылдық округінде орналасқан №64 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлыбек Кенжебаев үшін сайлау науқаны таңсық емес, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Ауылдық округ әкімін сайлау бұл ел тарихындағы елеулі жаңалық. Тұрғындар оған ерекше көңіл-күймен қатысып жатқанын байқауға болады, бұл – өте қуантарлық жайт, – дейді ол.  

Ең алғаш болып ертемен дауыс берген зейнеткер Омар Ерекешев өзі туған ауылдың тағдырына бейжай қарамайтынын айтады. Тағы бір егде тартқан Берекет есімді сайлаушы бұл ауылда көп жылдан бері тұрып келе жатқанын және өзі нық сенетін үміткерге дауыс беруге келгенін айтты.

Учаскеде барлығы 2547 сайлаушы тіркелген. Сайлау барысына бүгін «Nur Otan» партиясы мен «Жәрдем Атырау» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бақылауда.

Айта кетейік, әрбір сайлаушы дауыс беруге «Ashyq» қосымшасының QR-коды арқылы кіреді. Барлық сайлау учаскелерінде санитариялық талаптар қатаң сақталады. 

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com