АТЫРАУДА

Атыраулықтарды қымбат жұмысқа тұрғызамын деген алаяқ ұсталды

Атырауда 14 адамды жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ қамауға алынды.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің мәліметіне сүйенсек, алаяқтар қариялар мен қаржылық көмеккке мұқтаждарды арбауына түсіреді.

«Мәселен, Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғыны достарының таныстарынан жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызу үшін ақшалай сыйақы алған. Күдікке ілінген алаяқ 14 жәбірленушіні арбауына түсірген. Оның ішінде Атырау облысының 4 тұрғынына келтірілген шығын көлемі – 450 мың теңге. Ал, қалған 10 жәбірленуші – өзге облыстардың тұрғындары. Қазір 10 жәбірленушіге келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Алаяқтық әрекетке барған күдікті ұсталды» -деп мәлім етті Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен тергеу жүріп жатыр. Ал, 33 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button