АТЫРАУДАСайлау-2021

Қайыршақтыда сайлаушыларға арнайы автобус бөлінді!

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жұлдыз ықшамауданы:

Жұлдыз ықшамауданы бойынша сағат 7:00-де №39 мектеп алдынан №6, №34, №47 көшелері арқылы өтіп, №22 көшемен №39 мектепке тасымалдайды.

Жұлдыз-3 ықшамауданы:

Қоғамдық көлік сағат 7:00 ден бастап, Жұлдыз ықшамауданы бойынша №10, №14, №5, №19, №7 көшелерімен бойлап, Жұлдыз ықшамауданының №22 көшесімен №39 мектепке  әкеледі.

Көктем ықшамауданы:

Көктем ықшамауданы бойынша сағат 7:00-ден, №12, №6, №21, №1, №17 көшелер арқылы Атырау-Индер трассасымен Томарлы мәдениет үйіне жеткізеді.

Талғайраң-2 ықшамауданы:

Сағат 7:30-дан бастап қоғамдық көлік Талғайраң-2 бойынша №3, №10, №14, №12, №13 қиылыстан сайлаушыларды жинап, Талғайраң негізгі мектебіне тасымалдайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button