АТЫРАУДА

Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 23 қазанда болған.

«Кеше сағат 17:00 шамасында Атырау қаласында Азаттық даңғылымен Lada Granta көлігі Балықшы шағын ауданына қарай қозғалып бара жатқан. Көлік рульінде 28 жастағы жігіт болған. Ол «Нарсуд» аялдамасына таяу маңда жаяу жүргінші жолағында 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жарақат алған зейнеткер жедел жәрдеммен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейін дейінгі тергеу басталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button