БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Мақпал Жүнісова ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады (+ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге. Әнші өткен аптада Мерейге қатысы шындықтың бетін ашқан еді. Енді мән-жайды халықтың алдында өзі түсіндірді. 

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/CdYBvObtDOk/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Мақпал Жүнісова өткен аптада желіде видео жариялады. Онда қызы Мерейді бала күнінде асырап алғанын ашық айтқан еді. Араға бір апта уақыт салып болған жайтты өзі түсіндірді. 

Әнші бұл жайлы 9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде түсіндірді. 

“Шындықты мен айтпағанда кім айтады? Осы қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. Мені ұрттап алды деп жатыр. Ондай ешнәрсе болған жоқ. Концерттен кейін даусымның қарлығып қалғаны рас. Ал Мерейді Зәкең екеуміз бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырға баспай жатыр? Зәкең екеуміздің екі баламыз түсіп қалды. Зәкең менің бауырымның қызын сұрады. Анам Зәкеңе бас тарта алмады. Солай Мерейді бауырға бастық. Зәкең өз тегін берді. 18 жасқа толғанда бар шындықты айтамын дейтін. Мерей жақында 20 жасқа толады”, – деді әнші. 

Халық әртісі қызы екеуінің арасына от салушылардың пайда болғанын айтып қалды. 

“Мерей екеуміздің арамызға от салатындар пайда болды. 17 жыл менің үйіме келмеген, Мерейдің бетінен сүймеген адамдар енді оны иемденгісі келеді. Мерей жылап, жылап менен кешірім сұрады. “Мама, мені қайда кетеді дейсің? деді”. Әкесінің тегінде қалатынын айтты”, – деді халық әртісі. 

Қалың көрермен қошемет білдіріп, қолдау көрсетті. 

Мақпал Жүнісова желіде қызымен бірге түскен видеосын жариялап, оқырмандарын қуантып қойды. 

“Бұны мойындау да оңай емес қой. Алла жар болсын”, “Бұл сіздің жеке өміріңіз, ел алдында ақталуға міндетті емессіз”, “Сізді ешкім айыптаған жоқ”, “Мерей екеуіңіз өздеріңіз шешесіздер”, “Мерей ақылды қыз ғой, әрдайым сізбен бірге болады”, – деді желідегілер.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button