Құрылысшы қыздың дауысы жұртты таңқалдыруда! (+ВИДЕО)

negegege

1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген Дана Серікбай ғажап дауысымен әлеуметтік желіде хит болып жатыр.

https://www.facebook.com/100025010929220/videos/1962124763968917/

Құрылыста істейтін қыз “Әдемі қыз” әнін керемет орындаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Дана Серікбайдың құрылыста жүріп шырқаған әні әлеуметтік желіде қатты талқыланып жатыр. Тіпті ол туралы елімізге танымал өнер жұлдыздары да жаза бастады. Мәселен, Сәкен Майғазиев әнші қыз «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқанда төрт тәлімгердің барлығы да бұрылатынын жазды.

https://www.facebook.com/100025010929220/videos/586718455737368/

Сондай-ақ, ол талантты қыздың музыкалық білімі болмаса да табиғи дауысы ғажап екенін атап өтті. Ғаламторда хит болған Дана қаладағы пәтерлерде жөндеу жұмыстарын жасап, нәпақасын тауып жүр. Оның өнеріне тәнті болған желі қолданушылары бейнежазбаның астына түрлі пікір қалдырған.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: