Жеңіл жолды іздеп жүрген әншілер бар. Бұл туралы көптен көрінбей кеткен әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова журналист Марал Анарбекке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
“Әрине жеңіл жолды іздеу де бір жағынан жаман емес. Бірақ ол жол дұрыс жол емес қой енді. Шетелде хит болған әнді қазақ тіліне аударып жүргендері дұрыс емес. Ол бүкіл әлемде хит болған ән”, – деген әнші мұндай тірлікті жеңіл жолға балайтынын айтты. Өнер иесі ондай жолды таңдаған әншілердің атын атаудан бас тартты. “Айтпай-ақ қояйыншы, барлығын білесіздер ғой енді. Мұндай жол басқа әншілерге ақша жағынан пайдалы болып тұр. Бұл бір жағынан халықтың ренішін туғызады”, – деді Айжан Нұрмағамбетова.
Сонымен қатар халық әртісі қазақтың тойына қатысты да өз ойын білдірді.
“Тоймен күн көреміз. Тойға шақырмаса түсінікті ғой. Тойға шақыру үшін не істеу керек? Ол үшін қызды ұзатқанға, шығарып салғанға ән керек. Сүндет тойға бөлек ән керек. Ондай әндерің болмаса тойға көп шықпайсың”, – деді өнер иесі. Дегенмен Айжан Нұрмағамбетова елімізде соңғы уақыттарда нағыз таланттардың шоғыры қалыптасып үлгергенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі мықты әншілер – Димаш, Әлішер Кәрімов, Әмре, Қайрат Түнтеков, Индира Елубаева. Десе де олардың өзі шетелге барып танылып келгенін жеткізді. Себебі жас талантты әншілерге үкімет тарапынан ешқандай қолдау жоқ, деп халық әртісі өзінің қынжылысын білдірді.
“Біздің кезімізде гастроль деген басқаша болды. Бізде бір жеті үйде, үш ай гастрольде. Жоспармен. Сонда бізде гонорар деген нәрсе жоқ. Айлыққа ғана жұмыс істетік. Оның үстінен табыс салық пен комсомолды жарна дегенді ұстап қалатын. Радиомикрафон деген жоқ. Шнурмен. Ол кездегі аппаратпен қазір аппараттың арасы жер мен көктей. Біздің кезімізде фонограмма деген нәрсе болған жоқ. Біз жанды дауыста айтатынбыз. Қазір сондай сұрақтар бар ғой, фонограмма туралы. Фонограмма дегенді бізден неге сұрайсыңдар? Бізді түртіп қалсаңдар біз жанды дауыста айтып бере аламыз”, – деді Айжан Нұрмағамбетова.
Дегенмен Айжан Нұрмағамбетова елімізде соңғы уақыттарда нағыз таланттардың шоғыры қалыптасып үлгергенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі мықты әншілер – Димаш, Әлішер Кәрімов, Әмре, Қайрат Түнтеков, Индира Елубаева. Десе де олардың өзі шетелге барып танылып келгенін жеткізді. Себебі жас талантты әншілерге үкімет тарапынан ешқандай қолдау жоқ, деп халық әртісі өзінің қынжылысын білдірді.