БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Үйге оралуына 4 ай қалғанда өзіне қол салды (+ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өз-өзіне қол салды.

Үйіне оралуына 4 ай қалғанда 20 жастағы жігіттің  мәйіті әскери қоймадан табылған. Аяқ астынан болған қайғылы жағдайды естіген  оның туыстары ес жия алмай отырған көрінеді.  Жағдайдың анық-қанығын біле алмай, ешкімнен жауап ала алмай жанұшырған олар біздің арнамызға хабарласты. Тілшіміз Әсел Дүкембаеваның бейнематериалы. Көкшетаулық Асылхан Қалияқбаров жарты жылдан астам уақыт бұрын  әскерге кеткен. Отбасының  кенжесі еді.  Мерзімін аяқтап, үйге оралады деп күтіп отырғанда, баласының қаза тапқанын естіген ата-ана есеңгіреп қалды. Айтуларынша, оның мәйіті  әскери қоймадан асылған күйінде табылған.  Бірақ олар Асылхан өзін- өзі өлтірді дегенге сенбейді.  

Асылтас ҚАЛИЯҚБАРОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Көгерген денесінде, қабырғаларында көгерген, құлағының тұсы көгерген. Құлағы ісіп кеткен. Көзі ашық қалған, қолы  жұмылып қалған. Егер ол өзі істесе, соны қалай өзі істейді, бір адамның қолынан келген нәрсе бұл,мен сенбеймін. Қайғыдан қан жұтқан ана Асылханның шыншыл болғанын айтады. Шындық айтамын деп өліп кетті ме екен  деп қан жылайды анасы.

Асылтас ҚАЛИЯҚБАРОВА,  МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Балама бірдеңе болды, ұрып тастады ма. Ұрып тастағаннан кейін хабарласа алмады ма. Сол шындықты Асылхан айтамын дегенде может солай істеген шығар. Асылхан шындыққа ғана неғылатын. Баламды өлтіріп қойып,артынан үндемей қоя алмаймын мен. Ал апасы Жұмабике Жақсыбекованың айтуынша,  Асылхан алғашқыда Алматыдағы әскери бөлімде болған, кейін Үржарға ауыстырылыпты.   Содан кейін хабарсыз қалған көрінеді. Өмірге   құштар еді, өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

Жұмабике ЖАҚСЫБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Суицидқа бармайтын бала, ойы жоқ өлетін, ойы жоқ. Оның пландары бар, кішкене 4 ай қалғанда қалай ол суицид, 1 минут ішінде өмір сүргім келмейді деп шеше салды. Олар даже расследование болмай жатып,ол сразу айтты, суицид, асылып қалды. Әскерге сап-сау кеткен бозбаланың мәйітін  отбасына офицерлердің  өздері жеткізіп берген. Баласынан қапияда айрылып қалған ата-ана енді не істерін білмей  отыр.  Әскери бөлімшедегілер мардымды жауап бермейді дейді.  Осы бейнематериалды әзірлеу барысында біз де Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне хабарластық. Қатынас хат жолдадық. Әзірге жауап жоқ.   Ал сарбаздың жақындары,  кінәлілер жазалансын деп талап етіп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button