БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Ұлын пышақтап тастаған әйел мән-жайды айтып берді (+видео)

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында өз баласын пышақтап тастаған әйел қылмысқа барардың алдында көршілері мен полицейлерден көмек сұраған.

https://aitube.kz/video?id=dd455a7d-fa15-4b60-9046-5904bc341854&from=embed_video

Express Qazaqstan тілшісі 37 жастағы күдікті әйелдің көршілерімен тілдесіп қайтты.10 жастағы баласын бірнеше жерден пышақтап тастаған Әсел (редакция ата-тегін жарияламауды жөн көрді) Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында тұрады. Күдікті әйелдің көршілері ол туралы тек жақсы пікірде. Өзін Мирас Жекебаев деп таныстырған жігіт осында көшіп келгелі Әселдің отбасымен жақсы араласқандарын айтады.

Көршілерімен тату-тәтті араласатын жақсы отбасы. Әсел тәте үйге келіп анаммен талай шәй ішіп тұратын. Ондай артық мінезін байқаған емеспін. Баласы аулада ойнап жүретін. Бірақ күйеуін көрген жоқпын,

— дейді Мирас Жекебаев.

10 жастағы баласын бірнеше жерден пышақтап тастаған Әсел (редакция ата-тегін жарияламауды жөн көрді) Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында тұрады. Күдікті әйелдің көршілері ол туралы тек жақсы пікірде. Өзін Мирас Жекебаев деп таныстырған жігіт осында көшіп келгелі Әселдің отбасымен жақсы араласқандарын айтады.

Көршілерімен тату-тәтті араласатын жақсы отбасы. Әсел тәте үйге келіп анаммен талай шәй ішіп тұратын. Ондай артық мінезін байқаған емеспін. Баласы аулада ойнап жүретін. Бірақ күйеуін көрген жоқпын,

— дейді Мирас Жекебаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button