БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Жолаушылар автобусы жүріп келе жатып өртеніп кетті (+ВИДЕО)

Ақтау қаласында жолаушылар автобусы толықтай өртеніп кетті. 

https://sputnik.kz/incidents/20211209/18870544/Aktau-zholaushylar-avtobusy-video.html

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.31-де «ПАЗ-320530» маркалы жолаушылар автобус жүріп келе жатып өртенді.

Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт сағат 17.43-те сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге сегіз өрт сөндіруші мен үш техника жұмылдырылды.

«Sputnik»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button